Олимпиада алдында боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа екі бөлмелі пәтер берілді.
Қызылорда облысының әкімі Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер сыйлады
www.istockphoto.com
1,835
оқылды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев боксшы Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесіп, оған екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасы хабарлайды.

Қоңқабаев 2023 жылы Ханчжоуда (Қытай) өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. Ол Парижде +92 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.

"Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көріну – әр спортшының арманы. Бұл – еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Чемпиондарымызға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік", – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда қатысады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.