Оқыс оқиға жайлы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Арыста әскери бөлімдегі үш адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр жағдайда жатыр
Виктор Федюнин/Kazinform
805
оқылды

Бүгін, 5 шілдеде Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты, – дейді  Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайында Қорғаныс министрлігінен хабарланды. 

Оның ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар. 

Оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болды. 

Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайының нашарлауына байланысты жоғарыға көтеріліп шыға алмады. 

Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты.

Тағы бір жұмысшы мен әскери қызметші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. 

Олардың отбасына бүкіл қажетті көмек көрсетіледі. 

Аталған факті негізінде ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімі ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады (еңбекті қорғау ережелерін бұзу). 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.