Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченді 4:2 есебімен жеңді.
Оның келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн.
Жастар арасындағы Азия біріншілігі Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.