Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында жоғары деңгейдегі келіс­сөздер өтті. Кездесу қорытындысы бойынша партия­аралық, мем­ле­ке­т­аралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Стратегиялық серіктестік нығая бермек
955
оқылды

 Олардың арасында «AMANAT» партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы алмасу және ынты­мақтастық туралы меморандум бар.

«AMANAT» партиясының Атқа­рушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И құжат алмасты. Мемо­рандум партияаралық байла­ныстарды күшейтуге, мемле­кеттердің достық және тату көршілік қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ екі партия арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті кеңей­туге бағытталған. 

Құжат партиялық делегациялардың өзекті екіжақты мәселелер және халық­­аралық күн тәртібі бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуын жандандыруды көз­дейді. Сондай-ақ аталған құжат «Қытай – Орталық Азия» бастамасы аясындағы саяси құрылымдар ара­сындағы диалогты тереңдетуге ықпал етеді.

Осы құжатқа қол қою арқылы екі та­рап партия құрылысы ісінде ұзақ­мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға және әріп­тестік қатынастарды жетіл­діруге, оның ішінде партиялар жа­нын­дағы әйелдер және жастар ұйым­да­рымен ынты­мақтас­тықты күшейтуге, сондай-ақ талдау және зерттеу жұ­мыстарын дамытуға деген ұм­тылысын көрсетеді.