Биылғы тасқыннан зардап шеккен аймақтар — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Елімізде 6 өңірдің түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады
Ашық дереккөз
2,107
оқылды

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің мектеп түлектеріне хабарландыру жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мұндағы талапкерлер үшін маңызды ақпарат бар.

- Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша,  қалауыңыз бойынша ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз,- деп ескертеді орталықтан.

2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың талапкерлері грант конкурсына құжатты 13-24 шілде аралығында тапсыра алады.

Еске сала кетейік, биылғы талапкерлердің 77 пайызы негізгі ҰБТ-ны тапсырып үлгерді.

Науқан басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 77% — қазақ тілінде, 23% — орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Орташа балл — 70. Ең жоғары балл — 140. Оны ҰБТ алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек алды.

Осылайша, тестілеуден ең жоғары ұпайды ауыл мектебінің түлектері жинаған.

Оқи отырыңыз: Қытайда білім алғысы келетін қазақ жастары үшін үкіметтік грант саны артуы мүмкін