Күні кеше Астана күніне орай «Байқоңыр» ауданында 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылған болатын.
Елорда күніне орай «Байқоңыр» ауданында 20 ойын алаңы ашылды
Фото: gov.kz
584
оқылды

Бүгін Астананың төл мерекесі Байқоңыр ауданында ауқымды түрде аталып өтті. 

Елорда күніне орай Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы ауқымды түрде ашылды.  Салтанатты түрде ашылған аула аумақтарының бірі –  Ж.Тәшенев көшесі, 8, 10, 12, 12/1. 

Аталған аула аумағы – «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды. Нәтижесінде, 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды. Сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ жайластырылды. 

Бұл аталған аула кешендерінің ашылуы салтанатты түрде Астана күнімен қатар аталып өтті. Бұдан бөлек, бүгінгі мерекеде «Байқоңыр» ауданының басқа да аумақтарында тағы 20 аула аумағы ашылып, тұрғындар игілігіне тапсырылды. 

Айта кетейік, күні кеше Астана күніне орай «Байқоңыр» ауданында 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылған болатын. 

Жалпы, жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланса, бүгінде оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.