Белгілі журналист Дина Төлепберген бала кезінде көрген қиындығын еске алып, байлық пен кедейліктің аражігін ашып берді.
Байлар неге байып, кедейлер неге кедейлене береді? – Дина Төлепберген жауап берді
Видеодан алынған кадр
7,039
оқылды

 Тележүргізуші адамның алға басуына не әсер ететіні жайлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дина Төлепберген байлар неге байып, кедейлер неге кедейлене беретінін түсіндірді.

"Есімде, бала кезімде Шымкентте 1 бөлмелі пәтерде тұрдым. Тастай суық, 5-қабат. Білмеймін, күн түспейтін, қараңғы қамыт үй. Қалада тұрсақ та, краннан жылы су ақпайтын. Таңертең тұра сала, краннан шелекке су толтырып, жылытып барып жуыну мен үшін қалыпты жағдай болатын. Алайда ақыры армандарыма жеттім…",  деп бастады ол.

Журналист аталған сұрақтың жауабын іздеп, форумға барғанын да алға тартты. Ол адамның жүрген ортасы алға басуына тікелей әсер етеді деп есептейді.

"Ешкім ешкімнен артық не кем емес. Адамның алға басуы ізденіс, еңбек, білім мен байқампаздықта жатыр… Сіздерге айтарым, айналаңызға қараңыз. Қандай адамдармен араласасыз, сырласасыз? Әңгімесі арсыздықты айтудан аспайтын болса, ауыстырыңыз. Себебі адам көшпен түзеледі. Еңбек, ұмтылыс, өсу туралы ой айтатын ортаға бас сұғыңыз. Әр адам бай һәм бақытты болуға лайықты…"  деп түйіндеді журналист.