Турнирде тоғыз команданың өкілі күш сынасты.
Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 6 алтын иеленді
olympic.kz
990
оқылды

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирде тоғыз команданың өкілі күш сынасты. Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады. 

Қазақстан командасы аталған турнирде 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпы есепте екінші орыннан көрінді.  

Бірінші орын Өзбекстан құрамасының еншісінде. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленген. 

Үздік үштікті Моңғолия тұйықтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.