Футзалдан 2024/2025 жылғы маусымдағы Қазақстан біріншілігі 12 қазан күні басталады, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алғашқы тур Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына байланысты жылдағы мерзімінен кеш басталғалы отыр.
Қазақстан футбол қауымдастығының президенті Талғат Қосмұхамбетовтің айтуынша, плей-офф сатысына 8 команда жолдама алады.
Ширек финал бір команданың екі жеңісіне дейін жалғасады. Жартылай финалда ол үш жеңіске дейін белгіленген. Ал 3-орын үшін командалар екі жеңіске дейін бәсекеге түссе, финалда жеңімпаз үш жеңіс бойынша анықталады.
«Семей» мен «Қайрат» арасындағы Суперкубок ойыны 19 ақпанда өтеді жоспарлануда. Бұл кездесудің өтетін орны әзірге анықталған жоқ.