Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA 472) Сербияда өткен ITF W15 санатындағы турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы швециялық Лиза Цаарды жеңді. Үш сетке созылған кездесу 2:6, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Осылайша, Жібек ITF турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.