Қазақстан спортшылары бүгінгі күнге дейін 25 спорт түрінен 80 лицензия жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Кaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Жекелеген спорт түрлері бойынша қазақстандық боксшылар ең көп жолдаманы жеңіп алды.
Ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда (7 боксшы), ал әйелдер құрамасынан 3 боксшы жалпы 10 боксшы сынға түседі. Одан кейінгі ең көп жолдаманы татами шеберлері жеңіп алды. Онда ерлер 5 салмақта, ал әйелдер 3 салмақта ел намысын қорғамақ. Үшінші орында жеңіл атлеттеріміз (7 спортшы) тұр.
Өкінішке қарай, биылғы Париж Олимпиадасына ауыр атлеттеріміз бен әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз жолдамаға қол жеткізе алмады. Енді, қай спорт түрінен қанша жолдама жеңіп алғанымыз туралы толық ақпаратты төмендегі кестеден таныса аласыздар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
№ |
Спорт түрлері |
Спортшылар саны |
Лицензиялар саны |
|
1. |
Бокс |
Ерлер |
7 |
7 |
Әйелдер |
3 |
3 |
||
2. |
Дзюдо |
Ерлер |
5 |
5 |
Әйелдер |
3 |
3 |
||
Микс команда |
- |
1 |
||
3. |
Спортттық гимнастика |
2 |
8 |
|
4. |
Жеңіл атлетика |
7 |
8 |
|
5. |
Байдарка мен каноэде есу |
6 |
6 |
|
6. |
Оқпен ату |
6 |
6 |
|
7. |
Семсерлесу |
5 |
5 |
|
8. |
Грек-рим күресі |
4 |
4 |
|
9. |
Еркін күрес |
4 |
4 |
|
10. |
Садақ ату |
3 |
4 |
|
11. |
Стендтік ату |
3 |
3 |
|
12. |
Теннис |
5 |
5 |
|
13. |
Велошоссе |
2 |
3 |
|
14. |
Жүзу |
2 |
3 |
|
15. |
Заманауи бессайыс |
2 |
2 |
|
16. |
Таеквондо |
2 |
2 |
|
17. |
Велотрек |
1 |
2 |
|
18. |
Батут гимнастикасы |
1 |
1 |
|
19. |
Бадминтон |
1 |
1 |
|
20. |
Академиялық есу |
1 |
1 |
|
21. |
Көркем гимнастика |
1 |
1 |
|
22. |
Триатлон |
1 |
1 |
|
23. |
Үстел теннисі |
1 |
1 |
|
24. |
Құзға шығу |
1 |
1 |
|
25. |
Брейкинг |
1 |
1 |
|
БАРЛЫҒЫ: |
80 |
92 |