Мадрид төрінде үш спортшымыз финалға шығып, күмісті қанағат тұтты.
Әйелдер құрамасы күрестен Испанияда төрт медаль жеңіп алды
1,152
оқылды

Испанияның Мадрид қаласында күрес түрлерінен Гран-при турнирі аяқталып, Қазақстан әйелдер құрамасы төрт медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Мадрид төрінде үш спортшымыз финалға шығып, күмісті қанағат тұтты. Олар – Ирина Казюлина (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).

Лаура Алмағанбетова (57 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.