Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық теннисші жартылай ширек финалда әлемнің 21-ракеткасы, Украина өкілі Элина Свитолинамен кортта кездесті.
Осыған дейін қарсыластар өзара төрт рет ойнап, екі-екіден жеңіске жеткен еді. Соның ішінде Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін бәсекеде Свитолина басым түссе, биыл Ролан Гарроста Рыбакина есе қайтарған еді.
Бұл жолы теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен Рыбакина тағы бір брейкпен басымдылығын бекітті – 6:3.
Екінші сетті Елена брейкпен бастап, сосын есепті 5:2-ге жеткізді. Ақыры матчқа доп бергенде, қиналған жоқ – 6:2.
Бір сағатқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Свитолина 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 32-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикованың біреуімен таласады.
2022 жылы Елена Уимблдонда үздік шықса, өткен жылы ширек финалға дейін жеткен еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.