Футболдан Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси Америка кубогы туралы айтып, ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын меңзеді.
Месси құрамадағы мансабын осымен аяқтай ма?
aikyn.kz
1,256
оқылды

Бұл туралы Аikyn.kz сайты TyC Sports арнасының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз жалпы құрама ретінде осы сәттің рахатын сезінейікші. Дәл қазіргі қуанышымды өзім секілді басқа да жандармен бөлісемін. Сондай-ақ Ди Мария мен Отаменди сияқты бойымда үлкен қуаныш кернеп тұр және бұл футбол майданындағы соңғы қадамдар екенін түсінемін", – деді Месси TyC Sports арнасына берген сұхбатында.

Айта кетелік, аргентиналықтар биылғы Америка кубогының финалына шықты. Ақтық сында Аргентина құрамасы Колумбиямен кездеседі. Шешуші кездесу 15 шілдеде сағат 05:00-де өтеді.