Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық теннисші екінші айналымда жасөспірімдер арасында ITF 19-ракеткасы, жапониялық Эни Койкемен сынға түсті.
Кеше басталған ойында алғашқы сет 6:3 есебімен Соняның пайдасына аяқталғаннан кейін матч жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды. Бүгін жалғасын тапқан матчты Жиенбаева жеңіспен түйіндеді - 6:4. Кездесу бір сағат 41 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін словакиялық Рената Ямриховамен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.