Құрылғанына 2 жылдан енді ас­қан Абай облысының екінші тынысы ашы­лып келеді. Оны көптеген көрсет­кіш­тер мен индикаторлардан көруге бо­лады.
Абай өңірінің бес айдағы тынысы қуантады
524
оқылды

Ішкі ғана емес сыртқы әріп­­­тестікте де аймақтың әлеуеті жо­­ғары бағаланып отыр. Өңірдегі өнімді жұмыстар мен күн тәртібіндегі мәселелер облыс басшылығының жіті назарында.

Аралық нәтиже пысықталған межелі жиын

Биылғы 5 айда Абай облысының қыс­қамерзімді экономикалық индикаторы 102,7%-ды құрады. Аталған көрсеткіш жалпы өңірлік өнімнің 60%-дан астамын құрайтын 6 негізгі саланың (ауыл шаруашы­лығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және бай­ланыс) дамуын көрсетеді. Межелі кезеңде 404,7 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспары орындалған, соған сәйкес алдағы жартыжылдықта 106,2% өсім күтілуде.

Алдын ала деректер бойынша, бүгінде облыс бюджетінің кіріс бөлігі 64 212,7 млн тең­гені, ал жоспар 57 199,6 млн теңгені құ­рады. Бұл бюджеттің орындалу көрсеткіші – 112,3% деген сөз. 2024 жылға арналған об­лыстың түзетілген жылдық бюджеті 464 505,4 млн теңге болса, оның 322 695,7 млн теңгесі облыстық бюджетке, ал 141 809,7 млн теңгесі қалалар мен аудан­дардың бюджет­теріне тиесілі.

Осынау деректер мен дәйектер Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен таяуда әкімдікте өткен оты­рыста айтылды. Жиында бірінші жарты­жыл­дықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қо­рытындылары талқыланып, биылғы жыл­дың екінші жартысына жоспарланған мін­деттер қаралды. Отырыс барысында бірінші жартыжылдықтағы қаражатты игеру, құры­лыс сапасын бақылау және Ұлттық құрыл­тайдың ІІІ отырысындағы Мемлекет бас­шысы тезистерінің негізгі бағыттарын тү­сін­діру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндалды.

«Отырыста қаралған барлық мәселе­лерге мұқият мониторинг жүргізе отырып, тұрақты бақылау қажет. Жұмыс өте көп және әр мәсе­леге жауапкершілікпен қарау­ға тиіспіз. Жүйелі әрі жоспарлы жұмыс туындаған мәсе­лелерді тиімді шешуге және өңірдің әлеу­меттік-экономикалық да­муын­да оң нә­ти­­желерге қол жеткізуге мүм­кіндік бе­­­­­­ре­­­­­­­­ді», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысының бақылау басқармасы жыл басынан бері жеке және заңды тұлға­лардан, мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан түскен 1 122 өтінішті қара­ған. Жоспардан тыс 32 тексеру жүргі­зіліп, н­ә­тижесінде 94 әкімшілік құқықбұ­зушы­лық туралы хаттама жасалып, 32 нұсқама енгі­зілген. 14 нысанда жобалық-сметалық құжат­таманың бұзылуы, рұқсат беру құжат­тарының жоқтығы анықталды. Олар­дың сегізі сот шешімімен бөлшектелетін бола­ды.

Сондай-ақ жиында жаңадан пайда­лануға берілген су құбырларының сани­тарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алу және өндірістік бақылау шеңберінде ауызсудың сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету мәсе­лелеріне де назар ауда­рылды. Мәселен, 179 елді мекенді ауыз­сумен қамтамасыз ететін 135 су құбыры об­лыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарайды. Бұл – 75,4 пайыздық көрсеткіш.

Отырыс барысында облыс әкімі бас­қармалар мен департаменттердің басшы­ларына тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ қарастырылған барлық мәселелерді мұқият бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай делегациясы өңірдің туристік әлеуетімен танысты

Абай облысы туралы сөз еткенде оның экономикалық қуаты агросектордан бастау алып, туризмдегі потенциалына жалғаса­ты­нына назар аудармай кетуге болмайды. Оның бір дәлелі – осы аптада өңірге Қытай деле­гациясы келіп, оның туристік әлеуетімен та­ нысқаны. ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына са­пары аясында өңірдің туристік әлеуе­тімен, Аягөз–Тачэн үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты. Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфра­құрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жос­парларды үй­лестіру және тағы да басқа мә­селелер қаралды.

Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасын­дағы жолаушылар қатынасын жандандыру, шекара бекеттерінде өткізу мүмкіндігін жос­парлау, өзара іс-қимыл тетіктері, тран­сше­каралық өнеркәсіптік ынтымақтастық, ло­гистика мәселелері талқыланды.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың 20 жел­тоқсанында Абай облысында «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы аясында ұзын­дығы 272 ша­қырым болатын жаңа Бақты–Аягөз теміржол желісінің құрылысы бас­талған болатын. Облыс әкімдігі Бақты құрғақ портын салуды қоса алғанда, мем­лекет мұқ­тажы үшін жер учаскелерін резервке алу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жоба­лау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шең­берінде техникалық-эконо­микалық негіз­демеге түзету енгізілуде. Жоба 2027 жылға дейін аяқталады деп күтілуде.

Делегация өкілдері майлы дақылдарды, тазартылған май мен басқа да өнімдерді өндіріп, экспорттайтын Qazaq Astyq зауы­тына, сондай-ақ ірі қара мал өсірумен, көкөністерді өндірумен, өңдеумен және сақтаумен айналысатын «АГРОФИРМА «Приречное» ЖШС-ға барып, олардың жұмысымен танысты.

Н.Қосай