Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда Алматы уақыты бойынша 02 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтер хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 416 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9,0. MPV магнитудасы – 3,8. Тереңдігі – 15 шақырым.
Зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ.
Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеді.