Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері.
Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
1,361
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

"Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын. Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады", – дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері. 

Париж Олимпиадасында жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.