Ол чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға бір табан жақындай түсті.
Асу Алмабаев UFC-дің әлемдік рейтингтегі үздіктер қатарына енді
vesti.kz
1,367
оқылды

UFC тұжырымында үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен Асу Алмабаев ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік спортшылардың қатарына кірді. 

“Зульфикар” лақап атымен танылған отандасымыз UFC-дегі аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын ең үздік 15 спортшының қатарына қосылды. Осылайша отандасымыз чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға бір табан жақындай түсті. Ал бұл салмақтың чемпионы әрі көшбасшысы бразилиялық – Александр Пантожа (28-5-0).

Айта кетейік, Асу Алмабаев 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонды (16-8) жеңген еді.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram  арнасынан таба аласыз.