Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік 19 жасар Максим Жуков болды.
Әмір Омарханов Президент кубогын жеңіспен бастады
Фото: ҚТФ
913
оқылды

Әмір Омарханов Президент кубогі үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирін жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Теннис федерациясының мәліметінше, биыл "Мадрид мастерс" турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов үшін спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы еді.

Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік 19 жасар Максим Жуков болды. Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4. 

Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Омарханов Президент кубогының ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы, Саба Пурцеладземен таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.