Мұндай сатылым осы уақытқа дейін Олимпиада тарихында болмаған. Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған.
Париж Олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды
715
оқылды

Париж Олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

"8,8 миллионнан астам билет сатылды. Бұл – керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші", – деп түсіндірді ол.

Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Бұған дейін ең көп билет 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спорт сүйер қауым 8,3 миллион билет алған. Ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Олимпиадаға Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылғы 26 ​​шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.