Күні ертең Париж төрінде жалауы желбірейтін кезекті жазғы олимпиадалық ойындарда ел намысын қорғайтын Ұлттық құрамаға үлкен үміт артылып отыр. Солардың қатарындағы Алматы облысының спортшыларына да жарқын жеңістер күтері анық.
Олимпиадашыларға сәттілік тіледі
602
оқылды

Спортшылардың алды Па­­риж­ге табан тіреп, апта соңына таман ашылатын дүниежүзі­лік додаға дайындыққа кірісті. Олардың арасында Алматы облысынан шыққан үздік бестік: бал­уан Демеу Жадыраев, мергендер Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Мария Дмитриенко, Никита Чирюкин бар. Франция­ға аттанар алдында олим­пиа­дашы­­лар­­­мен жолыққан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшыларға ел намысын қолдан бермеуді тапсырып, сәттілік тіледі. Облыс басшысы бірінші кезекте олимпиадалық дайындық базасындағы спорт ғимараттардың бірі – Атыс кешенін ара­­­лап, мергендерді төрт жылда бір өтетін басты жарысқа жан-жақ­­­ты дайындау үшін барлық қажетті жағдай жасалғанына көз жеткізді. 

Кездесу олимпиадашыларды бейнебайланыс арқылы құттықтаған Қазақстан спорттық атыс федерацисының президенті Берік Асыловтың құттықтау сөзі­мен басталды.

«Барлық спортшы мен жаттықтырушыға осы олимпиадалық дайындық кезеңінен абыроймен өткені үшін алғыс айт­қым келеді. Қазақстан олимпиа­далық құрамасындағы 80 адамның тоғызы спорттық атудан са­йысқа түсе­ді. Олардың төртеуі Алматы облысынан. Еліміздің олимпиадалық құра­­ма­сынан лайық­ты орын алғандарыңызды мақтан тұтамын. Сіздерге үміт ар­тамыз, табысты өнер көрсе­тулеріңіз­ді тілейміз және жат­тық­­тырушы­­ларға әлемдік деңгейдегі шеберлерді даярлау үшін жылдар бойы атқарған қажырлы еңбектері үшін ризашылық білдіреміз. Сіздердің еліміздің намысын қорғап, жеңіспен орала­тын­дықтарыңызға се­нім­ді­­мін!» – деді Берік Асылов. 

Облыс басшысы да олим­­пиадашыларға Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның абы­ройы­на кө­лең­ке түсірмеуге тілектестігін жет­кізді. 

«Олимпиада ойындары – әлем­дік спорт тарихында ерекше орын алатын оқиға. Ойындардағы әрбір жеңіс пен жүлде кез келген жарыстардағы жетіс­тік­терден жоғары тұрады. Олимпиа­да жекелеген спортшылардың, тұтас мем­лекеттердің өзара тең­дігі мен құрме­тінің және адал бә­секелестігінің жар­қын көрі­нісі. Сіздердің алдарыңызда бү­­кіл әлемге Қазақстан спортының әлеуе­тін кезекті рет паш ету мін­деті тұр. Олимпиада – ең таңдау­лы спортшылар бағындыратын биік шың. Сондықтан Парижде намыс пен жігердің, төзімділік пен шеберліктің керемет үлгі­лерін көресетесіздер деп үміттінеміз», – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Олмпиада лицензиясын же­ңіп алып, алдағы күндерде өтетін ең үлкен сынаққа тас-түйін да­йын­дықта жүрген спортшылар мен жаттықтырушылар облыс әкіміне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. 

«Өңірімізде спорттың дамуы, әсі­ресе оның әлемдік деңгейге көтерілуі – облыс басшылығының жан-жақты қолдауы мен қамқорлығының нәтижесі. Жаттығулар өткізіп, түрлі оқу-­жат­тығу жиындары мен жарыстарға бас­қа қалалар мен елдерге шығу үшін барлық қажетті жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын. Қа­­зір бар ойымыз Олимпиада да қалайда жеңіске жетіп, еліміздің абыройын асқақтатуды мақсат етіп отырмыз», – деді стендтік ату­­дан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әсем Орынбай.

Париж Олимпиадасына қатысуға лицензия алған спортшыларға өңір басшысы атынан 1 500 000 теңге кө­лемінде ақшалай сертификаттар табысталды. 

Алматы облысы,

Болат Абаған