– Сейілжан Әділханұлы, еліміз үшін игі бастамаға айналғалы отырған бұл қадамның болашағы қалай бағаланады? Халық пен бизнестің кірістерін міндетті декларациялаудың негізі мақсаттары қандай?
– Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлықка қарсы күрес және көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру мақсатында енгізіліп отыр. Жеке тұлғалардың кірісіне жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету арқылы салық төлеуден жалтарған адамдар анықталады. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайын, одан кейін 2023 жылдан бастап бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкелерін мен олардың жұбайын кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Биыл декларацияны бизнес өкілдері, яки заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлар тапсыруы тиіс. 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялау еліміздің барлық тұрғынын қамтиды. Азаматтардың қалған бөлігі, мысалы, жеке құрылымның қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т. б. кіру декларациясын тапсыруы керек.
– Азамат декларацияда нені көрсетуі керек? Декларация қалай беріледі және оны ұсынбағандарға не болады? Декларацияны толтыру қанша уақытты алады, оны толтыру бойынша ұсынымдар немесе нұсқаулықтар бар ма?
– Декларацияда шет мемлекетте тіркелген көлік құралдары, заңды тұлғадағы үлестері, жылжымайтын мүлік және шетелдік банктердегі ақша қаржаты туралы мәліметтер көрсітеледі. Сондай-ақ, декларацияда (250.00 СЕН) Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі мүліктер көрсетілуі тиіс. Олар – бағалы қағаздар, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі үлес, инвистициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар, 10 000 еселенген АЕК шегінде қолма-қол ақша, нотариалды куәланлырылған келісім болған жағадайда дебиторлық/кредиторлық берешек, қалауы бойынша және бағалау құны болған жағдайда құны 1 000 еселенген АЕК-тен асатын өзге де мүлік.
Декларацияны электронды түрде және қағаз жеткізгіште, яки ХҚКО, мемлекеттік кірістер органдарына немесе пошта бөлімшелері арқылы беруге болады. Халыққа ыңғайлы болу үшін декларацияларды тапсыру бойынша электрондық қызметтер: Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), Web-портал (Moldir.qoldau.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және екінші деңгейлі банктердің «E-Salyq Azamat», Halyk, bcc.kz (Центркредитбанк), eGov mobile, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы іске асырылады, бұл ретте мобильді қосымшаларға ЭЦҚ-сыз SMS код арқылы кіруге болады.
Мобильді қосымшалардың көмегімен декларацияны үйден шықпай-ақ оңай және жылдам тапсыруға болады. Жалпыға бірдей декларациялау туралы ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Жалпы декларация» бөлімінде білуге болады, оның ішінде онда декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы активтеріңізді тексеру бойынша бейне нұсқаулықтар орналастырылған. Салық есептілігін мерзімінде ұсынбағаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауаптылық, ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 55 380 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл көзделген.
– 2023 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Осы заңды жүзеге асырудың қандай негізгі аспектілерін атап өтер едіңіз? Бұл мәселеде өзекті статистика қандай, қанша қазақстандық банкроттық рәсімін пайдаланып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіре алды?
– Заң жеке тұлғалардың қарызымен байланысты мәселелерді шешу үшін 3 рәсім ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Соттан тыс банкроттық рәсімін мемлекеттік кірістер органдары қолданады. Аталған рәсімнің мақсаттары үшін жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ақпараттық жүйе шеңберінде 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы өтініш берушінің кіріс өлшемшарттарына сәйкестігін автоматты тексеру жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда соттан тыс банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша 13 663 азамат 29,6 млрд теңге сомасына банкрот деп танылды. Оның ішінде АӘК алушылар – 1,5 млрд теңге сомасына 1 237 азамат, борышы 5 жылдан астам өтелмеген тұлғалар – 19,3 млрд теңге сомасына 6 707 азамат бар. 6 567 азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде.
Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін сот қолданады. Аталған рәсімдерді қолдануға қаржы ұйымдары алдындағы борыштары 1 600 АЕК-тен асатын не өзге тұлғалар, яки жеке тұлғалар, салықтық берешек және т.б. алдында орындалмаған міндеттемелері немесе мүлкі бар азаматтар жүгіне алады. Сот арқылы банкроттық істер шамамен 13 млрд. теңге сомаға 21 азаматқа қатысты аяқталды, рәсім 200 борышкерге жүргізілуде. Төлем қабілеттілігін 4 азамат қалпына келтіруде.
– Заңда соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері арқылы борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі көзделген. Қай рәсім ең көп сұранысқа ие болды?
– Статистикаға сәйкес, ең көп сұранысқа ие болған – соттан тыс банкроттық рәсімі. Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап осы рәсімді қолдану туралы 100 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл рәсімнің «Мақсатты аудиториясына» байланысты. Рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-тен аз борыштар бойынша қолданылады. Біз білетіндей, азаматтардың негізгі бөлігі аталған сегменттегі міндеттемелерге ие. Тиісінше, бұл рәсімнің сұранысын туындырады.
– Сіздің ведомствоңыздың құзыреті шеңберінде халықтың шамадан тыс кредиттелуін төмендету бойынша қандай негізгі шараларды атап өтер едіңіз?
– Біздің ведомство – азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық саласындағы уәкілетті орган. Банкроттық – бұл шамадан тыс кредиттелу мәселесін шешу тетіктерінің бірі ғана. Жалпы, аталған мәселені шешуге кешенді тәсіл қажет. Мемлекеттік кірістер органдары өз құзыреті шегінде Заңның іске асырылуын жүзеге асырады, азаматтардың банкроттық тетіктері туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді және банкроттық тетіктерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Нұрлан ҚОСАЙ