«Джентельмен» лақап аты бар қазақ боксшысы Теміржан Баймолда (5-0, 3 КО) кәсіпқой мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
24 жастағы Баймолда Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде жергілікті боксшы Афиф Арронгпен (4-5, 3 КО) кездесті, деп жазды Sports.kz. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған және белгіленген уақытқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.
Осылайша, Теміржан Баймолда кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіліссіз келеді. Ал Афиф Арронг алтыншы рет жеңілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.