Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады.
Қазақстан садақшылары Олимпиаданы бастады: нәтиже қандай?
Фото: ҰОК
1,680
оқылды

Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин,  Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсіп жатыр.

Қазақстандық садақшылардың нәтижесі төмендегідей: 

Ильфат Абдуллин  – 29 орын;

Дәулеткелдi Жаңбырбай  – 22 орын;

Александр Еременко – 59 орын.

Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласып жатыр. 

Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.