Дәрігерлер оған тек кортқа ғана емес, жарыстарға ұшуға үзілді-кесілді тыйым салып отыр.
Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды
Фото: ҚТФ
1,028
оқылды

Қазақстан теннис федерациясы теннистен әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Федерацияның мәліметінше, қазір Елена бронхитпен ауырады. Дәрігерлер оған тек кортқа ғана емес, жарыстарға ұшуға үзілді-кесілді тыйым салып отыр. 

«Рыбакина Олимпиадада жоғары деңгейде ойын көрсетуге үміттеніп, ойындарға белсенді түрде дайындалды. Бірақ ауруға байланысты бұл мүмкін болмады. Қазақстан теннис федерациясы Еленаның тезірек сауығып, кортқа сәтті оралуын шын жүректен тілейді. Біз оған сенеміз және оның жаттығулар мен жарыстарға қайта оралуын асыға күтеміз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.