Олимпиадаға бір күн қалғанда теннистегі басты фавориттердің бірі Елена Рыбакина Францияға бара алмайтынын айтты.
«Үміттеріңізді ақтай алмайтыным өкінішті»: Елена Рыбакина мәлімдеме жасады
Фото: ktf.kz
2,960
оқылды

Спортшы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартуының себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Олимпиадаға бір күн қалғанда теннистегі басты фавориттердің бірі Елена Рыбакина Францияға бара алмайтынын айтты. Айтуынша, бұған денсаулығының жарамауы себеп болған.

«Уимблдон турнирінен кейін мен өткір бронхитке шалдықтым. Жаттығуға қайта оралуға қанша тырысқаныммен, ағзам сол күйі қалыпқа келмеді. Дәрігерлер кортқа шығуыма үзілді-кесілді тыйым салып отыр. Париж Олимпиадасында ұлттық құраманың намысын қорғап, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмайтыным өкінішті. Токиода жүлдеге бір табан жақын болып едім, содан кейін Париждегі ойындарда Қазақстанға алтын сыйлаймын деп жоспарладым. Өкінішке қарай, ауруым бұл жоспарымды жүзеге асырмады. Қазақстан спортшыларына Парижде сәттілік серік болсын. Біздің барлық атлетке жанкүйер боламын. Олар Қазақстан намысын абыроймен қорғайтынына сенемін. Алға Қазақстан!» - деді Рыбакина.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.