Қала тұрғындары Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады.
Астаналықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады
760
оқылды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Елорда тұрғындары 26 шілде күні сағат 21:00-де Орталық саябақтағы "Қазақстан күні" монументі (сағат) жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады.

Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.