Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары мінген қайық Сена өзенімен жүзіп өтті
Фото: видеодан кадр
641
оқылды

2024 жылдың басты додасы — Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатында Қазақстан елінің спортшылары арнайы кемемен Сена өзенін жүзіп өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII ойындар 11 тамызда мәресіне жетеді.

Іс-шара алғаш рет стадионнан тыс жерде өтіп жатыр. Сонымен қатар келушілер саны жағынан рекорд жаңартылды. Ашылу салтанаты Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:30-да басталды. 

Фото: ҰОК

Дәстүрлі спортшылар шеруі Франция астанасындағы Сена өзенімен Париждің ең көрнекті жерлерін қайықпен жүзіп өтті. 

Ашық аспан астындағы салтанатты рәсімде көрермендер саны (600 000-ға жуық) және орналасқан жері бойынша ең ауқымды болып саналады. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.