Бүгін Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары сегіз спорт түрінен сынға түседі. Олардың өнер көрсету уақыты ресми сайтта, 27 шілдеге арналған кестеде көрсетілген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана уақытымен:
12:00 Академиялық ескек есу. Ерлер
Владислав Яковлев
12:00 Нысана көздеу. Жұптық сын
Ислам Сәтбаев, Александра Ле, Арина Алтухова, Константин Малиновский
13:00 Дзюдо. Әйелдер
48 кг дейін. Әбиба Әбужақынова - Шира Ришони (Израиль)
13:00 Дзюдо. Ерлер
60 кг дейін. Елдос Сметов - Торнике Чакадуа (Нидерланд)
13:30 Нысана көздеу. Ерлер. Пневматикалық тапанша 10 м
Никита Чирюкин
13:30. Нысана көздеу. Аралас 10 м пневматикалық мылтықтан ату. Финал
14:00 Спорттық гимнастика. Ерлер
Нариман Құрбанов, Милад Карими
15:00 Теннис
Александр Бублик - Тейлор Фриц (АҚШ) (18:00-ден ерте емес)
Юлия Путинцева - Марта Костюк (Украина)
15:30 Нысана көздеу. Әйелдер. Пневматикалық тапанша 10 м
Ирина Юнусметова
19:00 Дзюдо. Финал
19:32 Веложарыс. Ерлер. Жеке. Финал
Евгений Федоров
00:30 Үстел теннисі. 1/32 финал
Кирилл Герасименко - Николас Бургос (Чили)
00:52 Бокс. Ерлер. 1/16 финал
63,5 кг дейін. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Жарыстың басталу уақыты өзгеруі мүмкін.
Еске салсақ, Париждегі төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға әлемнің 206 елінен 10 500 спортшы қатысады. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 79 спортшы спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.