Түркияда коронавирустың жаңа түрін (Covid-19) жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, – деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі.
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның мәлімдеуінше, елде коронавирусқа байланысты тексеру шаралары күшейтілген.
«Бүгін кешке коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест оң нәтиже көрсетті», – деді министр.
Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Коджа қазіргі уақытта пациент карантинге жатқызылған. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған.
Бұдан бөлек, науқастың отбасы мүшелері, сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.