Ұлттық құрама дзюдошысы Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдесуле Тара Бабулфаттан (Швеция) жеңілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айта кетейік, бұл – Абибаның алғашқы Олимпиадасы. Бүгін іріктеуде Абиба Шира Ришониды (Израиль), Лень Чэнь-Хаоны (Тайпей) ұтып, жартылай финалда испан Лаура Мартинестен ұтылған.
Ал жұбаныш белдесуінде Габриэла Нарваэстің (Парагвай) жауырынын жерге тигізді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.