Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады.
Париж-2024: Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалды
Фото: ҰОК
2,842
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

71 келі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізген Шымбергенов иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді. 

Бірінші раундты төрешілер 3:2 есебімен Асланбекке берген. Екінші раундта да осы есеп сақталды. 

Ал үшінші раундта қарсылас белсенді қимылдап, жеңіске жетті. 

Осылайша, бокстан Қазақстан командасының бір мүшесі жарысты аяқтады. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.