Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жеткеннен кейінгі әсерімен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бұл – менің соңғы Олимпиадам. Мен 32 жастамын. Бұл жеңіске барлық күшімді салдым. Жеңісімді бүкіл Қазақстанға, ата-анама, жұбайыма және балаларыма арнаймын», - деді спортшы.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан үшінші орын үшін белдесуде сербиялық Страхинья Бунчичті жеңді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.