Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады. Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын. Бұл – Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек", – деді Айтжанов.
71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.