Париж Олимпиадасында қазақстандық теннисшілер жарыс жолын тегіс аяқтады. Біздің команда сапынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды. Олар Бразилия командасына қарсы ойнап, 4:6, 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.
Теннисші Александр Бублик Париж Олимпиадасындағы жеңілісінің себебін түсіндірді
olympic.kz
1,128
оқылды

Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді.

Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын.

Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", – деді Бублик.