Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық боксшы Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді.
Испандық атлет бірінші раундта 4:1, екінші раундта 5:0, ал үшінші раундта 3:2 есебімен басымдық танытты. Қорытынды есеп - 4:1.
Бұл Париж ойындарын аяқтаған ұлттық құраманың үшінші боксшысы. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыспен қоштасқан еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.