Ол 120 ұпаймен оныншы сатыға орналасты.
Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиаданың финалына іліге алмады
1,272
оқылды

Стенд атудан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

"Трап" бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде Дмитриенко төртінші орыннан көрінген еді.

Алайда, екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Ол 120 ұпаймен оныншы сатыға орналасты.

Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер жолдама алды. 

Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.