Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Карим жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:
Еркін жаттығу - 13.433
Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533
Шығыршықтағы жаттығу - 12.933
Қол тіреп секіру - 14.400
Қоссырықтағы жаттығу - 14.066
Көрмелері жаттығу - 12.700.
Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Айта кетейік, Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.