Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды.
Париж-2024: Валентина Хальзова панамалық боксшыға есе жіберді
Фото: ҰОК
968
оқылды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Валентина Хальзова Париж Олимпиадасындағы бірінші кездесуінде қарсыласына есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Хальзова бірінші айналымда панамалық Атейла  Байлонмен кездескен болатын.

Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші раундта төрешілер Атейлаға ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Соған қарамастан, бұл кезеңде де панамалық боксшы 4:1 есебімен  ұтты. 

Ал шешуші раунда Байлон тағы да 4:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Қазақстандық боксшы болса, жарысты аяқтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.