Жерасты дүмпуі Өскемен қаласында сезілген.
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді
Фото: istockphoto.com
2,639
оқылды

ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2 тамыз Астана уақытымен сағат 23.15-те жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 859 шақырымда солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан. Яғни, ШҚО, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын елді мекенінен 70 шақырым, Өскеменнен 224 шақырым.

Эпицентр координаттары – 48.665º с.е. 84.840º ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. 

Жерасты дүмпуі Өскемен қаласында сезілген. Магнитудасы - 2-3 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.