Бүгін, 3 тамыз күні Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалар сайысы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді.
Төменде әр белдесу бойынша нәтиже көрсетілген:
57 келі: Әбиба Абужакынова - Рафаэла Сильва (жеңіліс)
73 келі: Данияр Шамшаев - Даниэль Каргнин (жеңіс)
70 келі: Эсмигуль Куюлова - Кетлейн Куадрос (жеңіліс)
90 келі: Абылайхан Жұбаназр - Рафаэль Мачедо (жеңіс)
70 келі: Камила Берликаш - Беатрис Соуза (жеңіліс)
+90 келі: Нұрлыхан Шархан - Леонардо Гонсальвес (жеңіліс)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.