Курбанов спорттық карьерасын да жалғастырмақ.
Олимпиадада күміс медаль алған гимнаст қазақтың спортшы қызына үйленетінін айтты
Фото: instagram.com/aida_baurzhanova
12,455
оқылды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан қоржынына Олимпиаданың тарихи медалін салған Нариман Құрбанов алдағы жоспары туралы айтты. Спортшы енді отбасын құрмақ. Сүйіктісіне төртжылдықтың бас додасында мақсатына қол жеткізіп, шаңырақ құратынын айтып уәде берген екен, -  деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Медальді сезініп үлгерген жоқпын. Елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Ең алдымен үйленемін. Сүйіктім әбден күтті. Аидаға үш жылдан бері Олимпиада ойындары аяқталған бойда отау құрамыз деп уәде беріп келдім. Бұйыртса, сол уәдемді орындаймын», - деді Нариман.

Құрбанов спорттық карьерасын да жалғастырмақ, алдағы олимпиадалық циклде алтынға қол жеткізу мүмкіндігі жоғары екенін де қоса кетті.

«Мені алда күтіп тұрған келесі олимпиадалық цикл - 26 жастан 30 жасқа дейінгі аралық атта жұмыс істейтін гимнаст үшін шың саналады, сондықтан алтын медаль алуға мүмкіндік жоғары», - деді ол.

Сүйіктісі - Аида Бауыржанова да өзімен бірге өнер көрсетіп жүрген гимнаст.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.