Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары 4 тамызда қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Olympic.kz
2,172
оқылды

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан спортшылары 4 тамызда Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсеткенін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бокс: Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңіп, финалға жолдама алды. Төрешілер есебі: 3-2. 

Жеңіл атлетика: Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Олимпиаданың финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді. 

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде өз тобында мәреге 7-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.57 секунд. 

Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жартылай финалына шыға алмады. 

Оның уақыт көрсеткіші – 13.88 секунд. Дэйзи Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәреге 9-шы болып жетті. 

Стенд ату: Әсем Орынбай скит бағдарламасының іріктеу қорытындысы бойынша 116 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады. 

Нысана көздеу: Никита Чирюкин іріктеуде 583 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Өкінішке қарай финалдық сайысқа шыға алмады. 

Олимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.