Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары 5 тамызда қандай нәтиже көрсетті?
Фото: ҰОК
2,493
оқылды

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан спортшылары 5 тамызда Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсеткенін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жеңіл атлетика: Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд. 

Стенд ату: Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді. 

Грек-рим күресі: Аса ауыр салмақтағы балуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзербайжан) жол берді. Есеп: 0-4. Айдос Сұлтанғали (60 келі) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6. 

Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.