Астанада бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болған. Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Москит торлары құлаудан қорғамайды;
Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.