Боксшы алтын медаль алғысы келгенін, алайда жоспары жүзеге аспағанын айтты.
Жекпе-жек ойымдағыдай өтпеді, Қытай қызы алдап кетті – Назым Қызайбай
Фото: Тұрар Қазанғапов
8,347
оқылды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы Назым Қызайбай жартылай финалдағы жекпе-жегінен кейін пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Боксшы жекпе-жек ойындағыдай өтпегенін атап өтті.

«Ойымдағыдай болмады, кеш бокстастық. Ұтуға барымды салдым. Бірақ Қытай қызы алдап кетті. Арасында қатты ұрамын деп қатып қалдым. Қатты тырыстым, содан шығар. Барлық қарсылас бірдей ғой. Қатты ұтқым келді, кішкене ақылмен жұмыс ойдағыдай болмай қалды. Алдап кетейін деп едім, ол ақылды болып шықты. Әрине, әттеген-ай бар. Алтын медаль алғым келген еді», – деді ол журналистерге берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юден жеңілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.