Олимпиаданың он бірінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.
Париж Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары 6 тамызда қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Тұрар Қазанғапов
1,061
оқылды

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан спортшылары 6 тамызда Париж Олимпиадасында қандай нәтиже көрсеткенін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бокс: Назым Қызайбай (50 кг) жартылай финалда қытайлық Ву Юдан жеңіліп, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Грек-рим күресі: Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев жартылай финалда Әзербайжан өкілі Санан Сулеймановтан басым түсіп, финалға шықты. 

Құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалға жолдама алды. Отандасымыз 4,89 секунд көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты. 

Байдарка мен каноэде есу: Байдаркада 500 метрге жарыста Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы өз тобында мәреге бесінші жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:38.62 секунд. 

Каноэде 500 метрге ескек есуде Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы өз тобында 5-орын алды. Олардың уақыт көрсеткіші – 2:00.05 секунд. 

Каноэде 500 метрге ескек есуде Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы іріктеуде өз тобында мәреге 5-ші жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:45.94 секунд. 

Жеңіл атлетика: Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жұбаныш кезеңінде сөреден дұрыс шықпағаны үшін (фальстарт) жарыстан шеттетілді. 

Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында мәреге 9-шы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 9:08.97 секунд. 

Олимпиаданың он бірінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.