Онда айтылған дүниелердің барлығы редакцияға шағым айтып келген Әміржан Нұрахметовтың өз аузымен айтып берген деректер бойынша жазылды. Сол уақытта екінші тараппен хабарласудың сәті түспеген болатын. Кейін ақсақалдың қызы мен күйеубаласы жоғарыда аталған мақалада айтылған жайттарды жоққа шығаруды сұрап хабарласты. Осыған байланысты төменде екінші тараптың уәж-тұжырымдарын қаз-қалпында беріп отырмыз.
Редакциядан
Құрметті редакция! Менің әкем отбасыма, атап айтқанда, менің күйеуім мен ұлыма оның мүлкін алаяқтық жолмен иемденіп алдық деген жалған жаламен негізсіз айып тағып, сіздерге шағымданды.
Мен медальдың екінші жағын айтқым келеді: мен 25.01.1941 жылы туған азамат Әміржан Нұрахметовтың қызымын, есімім Кенжебулатова Алма Әміржанқызы, 18.01.1963 жылы туғанмын, отбасыммен Ақмола облысында тұратынбыз, күйеуімнің және менің тұрақты жұмысымыз болды және жеке қосалқы шаруашылық жүргіздік, яғни отбасымызды асырауға жағдайымыз жеткілікті және бізге ештеңе қажет емес еді.
2003 жылы 3 қыркүйекте әкем Ақмола облысы Степногор қаласы №1 ы/а, 55-үй, 37-пәтер мекенжайы бойынша пәтер сатып алып, оны жалға берді, әкемнің бір танысы пәтерге бас-көз болып, оның өтініші бойынша жалға беріп, қарады.
2004 жылы ол пәтердің сол кезде қараусыз қалған күйде екенін, құнын жоғалтуы мүмкін екенін айтып, мені отбасыммен бірге Степногор қаласына көшіп, жоғарыда көрсетілген пәтерге тұруға шақырды. Әкеміздің мінезін білетіндіктен күйеуім келіспеді, себебі пәтер біздікі емес, әкем бізді кез келген уақытта қуып жіберсе, көшеде қалып қоюымыз мүмкін еді. Сосын әкем маған сол пәтерді сыйға беріп, менің атыма қайта рәсімдеуді ұсынды.
2004 жылдың 15 желтоқсанында Степногор қаласының Жылжымайтын мүлік орталығына бардық, сол жердің маманы С.Хасенова пәтерді сыйға тарту шартын рәсімдеді, онда аталған келісімге менің әкем Әміржан Нұрахметов қол қойды, мен ешқандай пайда-мақсатты көздеген жоқпын.
Сол кезден бастап біраз уақыт бірге тұрдық содан кейін әкем мен анам Степногорск қаласынан төрт бөлмелі пәтер алып, бөлек көшті, бірге тұрғанда ұрыс-керіс болмай, әрқайсысы өз ісімен айналысты.
Әкем мен анам ұлымен, яғни менің ініммен бірге тұру үшін Көкшетау қаласына көшіп, соның отбасымен бірге тұруға шешім қабылдады, ол жерде өзінің көлігін ұлына оның атына тіркемей берді, ол көлікті жүргізді бірақ атына аудармады. Ініммен жанжалдасып қалған әкем көлігін алып кеткісі келіп, себеп іздеген. Ешқандай себеп таппаған ол менің балама қоңырау шалып, оны сату үшін алып кетуді ұсынып, баламнан клиенті бар екенін айтуды өтінді. Балам бас тартты, өйткені ол кезде оның жеке көлігі болды, оны күйеуім екеуміз оған сатып алғанбыз.
Сонымен қатар әкемнің көлігі қанағаттанарлық жағдайда болды және қауіпсіз жүргізу үшін қаржылық инвестиция қажет етті. Әкем мұны талап етіп қоймады, «Өзіңе ал да, қалағаныңды істе, бірақ мені бір жерге апару керек болса, апарасың», – деді. Сосын балам көлікті алды, ол ұзақ уақыт бос тұрып қалды, біз оны сатуды шештік, әкеммен ақылдастық, әкем балама «Не қалайсың, солай істе, қаласаң сат, қаласаң, өртеп жібер» деді. Ол сол күйінде сатылмады. Содан балам оны жөндеп, 500 000 теңгедей ақша салып, сатып жіберді.
Інімнің қолында әкем көп тұрған жоқ, анаммен бірге Қарағанды қаласына сіңлімнің үйіне көшіп барды, содан кейін ол Астана қаласындағы қарттар үйіне өз еркімен көшті, ал анам әлі де сіңлімнің қолында.
Жоғарыда аталғандардың барлығы құжатталған, сыйға тарту шарты уәкілетті органда тіркелген, бірінші және екінші сатыдағы соттардың шешімдері заңды күшіне енген. Шешім қабылдау кезінде сот барлық материал мен құжатты мұқият зерделеп, сот біздің әрекеттерімізден заңсыз немесе алаяқтық әрекеттерді анықтаған жоқ. Оның үстіне әкем шағымданып жазған ештеңе жоқ.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, осы пікірді жариялауыңызды шын жүректен сұраймын, себебі әкемнің айтқандары отбасымыздың қадірі мен абыройына нұқсан келтіруде.
Алма КЕНЖЕБУЛАТОВА