Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.
Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу сынына қатысты
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
1,179
оқылды

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Эльжана Таниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13- орын иеленіп, финалдан сырт қалды. 

Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады. 

Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.